Орта білім мазмұнын жаңару шеңберіндегі физика пәнін оқыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты қолдауымен 2019  жылдың  6  мамыр- 17 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Оқушылар    сарайы    базасында «Орта білім мазмұнын жаңару шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курс барысында Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, тренер Жақсым Орынбек Исаұлы мұғалімдерге қысқа мерзімді  жоспар құрудың қадамдарын үйретті:

– оқу мақсаттарымен келісілген, пәннің ерекшеліктеріне  бағдарланған, оқушылардың  қажеттіліктерін  ескеретін   SMART форматында  құрастырылған сабақ  мақсаттарының  қойылуы;

– пән  бойынша тақырыптың  мазмұнымен анықталған, оқу мақсаттарына жетуге  ықпал ететін, оқушыларды  оқуға  тартуға бағытталған белсенді оқу әдістерін таңдау;

– оқушылардың  қажеттіліктерін  есепке алатын, әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге   ықпал  жасайтын саралау әдістерін таңдау;

– бағалау оқу  мақсаттарына сәйкес келетін, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін  қамтитын, оқуды қолдайтын критериалды  бағалауды егжей-тегжейлі талдап, бағыт-бағдарды  шеберлікпен   жеткізді.

Мұғалімдердің  кері  байланысынан сабақ   жоспарын  құруға  жаңа  серпін алғандары көрініп тұрды.

Нәтижесінде тыңдаушылар әрбір оқушының мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың қажеттіліктерін ескеру және физика пәнінде саралау тәсілдерінің нақты біреуін немесе бірнешеуін қалай қолдануға болатындығы жөнінде ой бөлісті,  сыныптағы саралау жұмысының  жеті тәсіліне жеке-жеке тоқталды.

Автор:

Жақсым Орынбек Исаұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published.