«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»

2019 жылдың сәуір айының 1 жұлдызы мен 17 мамыры аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курсына Алматы қаласының  ЖОО ғалым-оқытушыларының қатысуымен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Жоғары мектепте оқыту әдістемесі мен халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасы оқытушылары курс өткізді.

Аталған курста тыңдаушылар сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасып, әртүрлі әдіс-тәсілдермен, заманауи технологиялармен танысты.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдермен жұмыстар жасады.

Оқу үдемелілігін қолдану студенттердің тіл тілдік қорын (метатіл) ұлғайтатыны дәлелденді, бұл оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларының дамуына игі ықпал ететіндігіне көз жеткізді. Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылатындығын білді.

Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпараттар берілді.

Автор:

А.Абайдулаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *