Тәжірибелік іс-әрекеттегі жоспарлауға өзгерістерді енгізу кезінде мұғалімдерге қолдау көрсету

Ағымдағы жылдың 29 сәуірі мен 24 мамыры аралығында Алматы қаласында ББЖ ҚБАРИ базасында «Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізілуде. Үшінші аптасында мұғалімдер 9-сыныпқа арналған бір сабақты жоспарлау жобасын ықшам оқыту сценарийі бойынша ұсына бастады.

Ықшам оқыту сабақты жоспарлаудағы пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, критериалды бағалау жүйесін түсінуді және қолдануды көрсетті. Яғни, әрбір мұғалім ықшам оқыту арқылы өзінің қысқа мерзімді жоспарын құрастырды, онда презентацияларды ресімдеу үшін бағалау критерийлері көрсетілді: сабақтың мақсаты, белсенді әдіс-тәсілдер, саралау әдістері, критериалды бағалау. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісін шағын топтарда жүзеге асыру оның жаңа формат бойынша жоспарлау процесі қандай деңгейде екенін анықтауға ықпал етті.

Әр мұғалімнің сабақтары таңдалған тақырыптың қаншалықты ашылғанын көрсетті; «мұғалім» және «оқушы» рөлдерін ойнай отырып, ұсынылған сабақтың күшті және әлсіз жақтарын объективті түрде айқындай алды.

Ықшам оқыту бойынша топ тренерінен кері байланыс мұғалімдерге жоспарды жетілдіру үшін келесі сәттерге назар аударуға мүмкіндік береді:

– тақырып бойынша сабақ жүйесіндегі сабақ орны мен сыныптың дайындық ерекшеліктерін ескере отырып, мақсаттарды пайдалана алу және аталған оқыту мақсаты Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының қандай деңгейіне сай екенін анықтау қажет;

 – сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетін жоспарламас бұрын, мұғалім сабақ соңында білім алушылардың қандай нәтижелерге қол жеткізгенін анық көрсетуі тиіс;

– білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау негізінде жүргізілетін бағалаудың нақты әзірленген критерийі болуы қажет;

– сабақ жоспарын құрастыру кезінде мақсатқа жетуге бағытталатын белсенді оқытуға арналған тапсырмалар форматын нақты анықтау қажет.

Осылайша, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи сабақты жоспарлау үлкен маңызға ие. Сабақ – оқу үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан оқушылардың дайындық сапасы сабақты өткізу деңгейіне байланысты. Егер қысқа мерзімді жоспар сауатты жасалған болса, онда ол білім алушыларға тек білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар оларды қалай оқуға үйретеді.

Авторы:

Насырова Гульнара Усеиновна,

 «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *