Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру

2019 жылдың  29 сәуір мен 24 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми  педагогикалық  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімдеріне Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагог кадрларға арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Курс Алматы облысы, Талдықорған қаласы, “№14 мектеп – гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өтіп жатыр.

Оқуды  жаңартылған білім беру бағдарламасы тренері Ыбышева А.С. өткізуде. Курста Алматы облысының 30 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі оқып жатыр.

Курстың  мақсаты: «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курстық дайындық барысында тыңдаушылар сындарлылық  теориясында құрылған оқу бағдарламаларымен танысты.

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттырудың басты нәтижелерінің бірі педагогикалық тәсілдерді дұрыс қолдана білу болып табылады.

Оқу материалы тыңдаудың, сөйлеудің, оқылымның және жазылымның коммуникативтік қызметін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Бұл ресурс оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және әртүрлі салалар мен жағдайларда тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Курс барысында тыңдаушылар орыс тілін оқытуда өзекті мәселелерді белсенді талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *