«Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында курсы өтті

2019 жылдың  1 сәуір -17 мамыр аралығында Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  ББЖ  ҚБАРИ  арқылы  ұйымдастыруымен  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының 260 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс жетекшісі: жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренер Комекова Сандуғаш Оралханқызы.

Курстың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курсқа әль-Фарабаи атындағы ұлттық универсиеті мен Абай атындағы педагогикалық университетінің факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.

Курста педагогикалық жаңартылған білім беру мазмұны аясында ЖОО-да оқу процесінде инновациялық білім беру технологиялары және интерактивті әдістерді пайдалану, білім алушыларда сыни және креативті ойлау, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды тұжырымдау мен шешу білігін қалыптастыру дағдыларын дамыту, педагогтың кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау, оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнында өткен дәрістер, тәжірибелік сабақтар, тренингтер мен семинарлар бүгінгі жаңартылған білім беру саласында тыңдаушыларға көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесті.

Курс соңында оқытушылар курс мазмұны аясында игерген білімдерін жинақтай отырып, нәтижесінде портфолио және аналикалық есептерін әзірледі. Тәжірибе алмасу барысында қатысушылар өз жұмыстарын қорғап  қана қоймай, тың идеялар мен жобаларды ортаға сала білді.

Нәтижесінде: тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жоғары оқу орындарында инновациялық білім беру технологияларын, жоғары оқу орнының білім беру процесін жобалауды,  жоспарлау және жүйелі бағалау мен рефлексия процестерін жетілдіруді қолданды. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру, педагогикалық қызметті қарқындату жағдайындағы заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, білім беру саласындағы зерттеулер жүргізу әдістерін, іс-әрекетті зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын меңгереді.

Тыңдаушылар «Жаңартылған мазмұнындағы тиімді оқыту және оқу» тақырыбында  тәжірибелік сабақ аясында өз ойларын ортаға салуда…

Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқытушылары Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында саралап оқыту бойынша топтық жұмыс жүргізуде….

Автор: Көмекова С.О.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *