ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОРЫС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Ақтөбе қаласында 2019 жылы 29 сәуірден бастап Ақтөбе облысының мұғалімдерінің қатысуымен «Русский язык и  литература» в школах с казахским языком обучения по обновленной образовательной программе» атты  педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы басталды. Дәрістерді «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Кемешова Ақкүміс Меңдіғалиқызы жүргізуде.

Курстың мақсаты: пән  бойынша оқу бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын және пән бойынша  оқу  жоспарларын  игереді.  Оқу  жоспарына  сәйкес  аталған  Бағдарлама  шеңберіндегі  оқу  процесі Дэвид Колбтың төрт сатылы эмпирикалық моделінің негізінде іске асырылады. Күнделікті  сабақтардың  соңында мұғалімдер  рефлексия  жасап,  оқу  мақсаттарына  жетуді  мониторингілеу мақсатында тапсырма орындайды.

Мұғалімдердің қызметін бағалау мынадай бағыттар  бойынша жүргізіледі: жаңартылған  оқу  бағдарламасын  түсіну,  оқыту  дағдылары,  ойлау  сипаты, жоспарлау,  белсенді  оқу,  пән  бойынша  педагогикалық  білім,  оқушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  критериалды  бағалау.  Әр  сала  бойынша мұғалімнің аталған пән  бойынша оқыту әдістемесінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік  беретін  төрт  дескриптор  бар  (бастапқы  деңгей,  қалыптасу  деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей).

Оқу  барысында  мұғалімдер  ықшамсабақ  процесінде  «эксперимент» жүргізеді. Ықшамсабақта берілген кері байланыс курс тыңдаушыларына оң нәтиже береді, себебі мұғалімдердің тәжірибесіне түзетулер енгізеді және сабақты жоспарлауда әрі-қарай өзгертулер енгізуді анықтайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *