«Блум таксономиясы бойынша сабақты жоспарлау» тақырыбында семинар-тренинг өтті

2019 жылдың 13 мамырында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» біліктілікті арттыру курсы аясында «Блум таксономиясы бойынша сабақты жоспарлау» тақырыбында семинар-тренинг өтті.  Аталмыш іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ Жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор С.М.Каупенбаева және аға оқытушы А.Қ.Қуандық өткізді.  Семинар-тренингке біліктілікті арттыру курсына қатысушы тыңдаушылардан басқа университеттің кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының авторлары да қатысты.

Семинардың мақсаты Блум таксономиясының 6 деңгейінің арасындағы айырмашылықты анықтау және талдау. Семинар-тренинг барысында тыңдаушылар Блум таксономиясының 6 деңгейі бойынша оқу мақсаттарын, сұрақтар мен тапсырмалар, сонымен қатар бағалау критерийлерін құрды. Осылайша семинарға қатысушылар Блум таксономиясын қолдана отырып, танымның барлық деңгейлері бойынша сабақ жоспарлауға болатынын және әрбір білім алушыны сабақта қалай тиімді жұмыс істеуге ынталандыратындығын қадағалауға көмектесетін құралмен кең түрде танысуға мүмкіндік алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *