Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы зерттеу жұмысы

«Графикалық органайзерлерді пайдалану арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында  тренер Насырова Г.У. 2019 жылдың 8 мамыр күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курс аясында ашық сабақ өткізді.

Тәжірибелік тренингтер оқыту мақсатына жетуге бағытталған болды: пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін педагогтардың кәсіби дағдыларын дамыту; оқушылардың сөйлеу дағдыларын белсендендіру үшін сабақта зерттеу кезеңдерінің қажеттілігін практикалық түсіну; графикалық органайзерлерді қолдана отырып, барлық білім алушыларды зерттеу қызметіне тарту.

Бүгінгі күнгі оқыту және қарым-қатынас форматы шағын топтарда мұғалімдер ұйымшыл және өнімді жұмыс жасай алғандықтары үшін ыңғайлы болды, сабақ аясында олардың әрқайсысы алған білімдерін негізге ала отырып, жаңартылған зерттеу сабағының нақты теориялық құрылымын жасады. Сонымен қатар, мұғалімдер одан әрі жұмыс істеу үшін өте маңызды сәттерді атап өтіп, көркем мәтінді оқу кезінде сыныпта өз бетінше жұмыс істеу үшін органайзерлердің түрлерін қалай бейімдеуге болатынын  топтық шебер-сыныптар арқылы тәжірибелерімен бөлісе алды.

Қайта ойлауға арналған жақсы ойластырылған қадамдар және тұрақты ынтымақтастық мүмкіндігі педагогтарға теориядан практикаға тез өтуге көмектесті, осының нәтижесінде органайзерлермен жұмыс жасау моделін оңай меңгеріп, өз жұмысының нәтижелерін көрнекі түрде көре алды. Олар алған білімдері, дағдылары және сабақтардағы іскерліктері оқушылармен жұмыс істеуге үлкен демеу болады деп сенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *