Жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру

2019 жылдың 17 сәуірі мен 4 мамыры аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының Курстан кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының меңгерушісі А.Т.Мадиева «4, 9, 10-сыныптарға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығаруға дайындауды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуіріндегі №148 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен 4, 9, 10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығаруға дайындауды үйлестіру жөніндегі Жұмыс тобының отырысына қатысты.

Жұмыс тобы мектепке дейінгі тәрбие мен 4, 9, 10-сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру мақсатында БжҒМ құрылған.

Мадиева А.Т. «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығаруға дайындауды үйлестіру жөніндегі Жұмыс тобының жұмысында белсенділік танытты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.