«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты практикалық-танымдық конференция туралы

Түркістан қаласының  121 жылдық тарихы бар №1 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде 2019 жылдың 2 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  ББЖҚБАРИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының  «Курстан кейінгі қолдау және инновацияны ендіру» зертханасы меңгерушісі Г.А.Биомарованың қатысуымен  «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты практикалық-танымдық конференция өтті.

«Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы мектептің түлегі, Түркістан қаласының құрметті азаматы, батагөй-абыз ақсақал, қаламгер Әбдібек қажы Абылайұлы Бейсеновтың мектеп бітіргеніне 65 жыл толуына орай өткізілген конференция мақсаты – жастар арасында білім мен ғылымды, рухани-адамгершілік пен өнегелі өмірді дәріптеу, ұлттық рухты санаға сіңіру болды.

Іс-шара белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Дүниежүзі поэзия академиясының мүшесі, ғылым докторы, «Дәстүр» этнографиялық журналының бас редакторы, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы Қасымхан Сейітханұлы Бегманов; Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ұстазы, қаламгер-журналист, композитор Бекжігіт Кенжебекұлы Сердәлі; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық орталығының Обсерватория директоры, «Алтынсарин» және «Қазақстан ғылымына қосқан қомақты үлесі үшін» төсбелгілерінің және тағы басқа ғылым-білім саласындағы көптеген марапаттардың иегері, теориялық физика және астрофизика саласы бойынша қазақтың тұңғыш ғалым қызы Нұрзада Бейсен; Түркістан облыстық, қалалық білім саласының басшылары мен ұстаздары; БАҚ өкілдері және т.б. қатысуымен өткізілді.

Жиын барысында оқушылар осы мектептің түлектері, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы көрме ұйымдастырды, ғылыми жобалар қорғады, концерттік бағдарлама көрсетті.

Сондай-ақ, конференцияның тақырыбы аясында қатысушылармен ашық әңгіме, сұхбат жүргізіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *