Білім берудің жаңартылған мазмұнына дайын

Заманауи білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу мұғалімнің жеке бас және кәсіби құзыреттілігін арттыру қажеттілігін тудырады. Мұғалім ғажайыптар жасауға бейімді және оқушылар да оны күтеді,  егер бала жеке тұлға ретінде барынша дами алатын шарттар қойылған болса бұл мақсат орындалар еді.

   2019 жылдың 01-29 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің  біліктілігін арттыратын республикалық институтында қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өткізілді.

Насырова Гульнара Усеиновна – тренингтер, практикалық сабақтар өткізді, ондағы тренердің негізгі мақсаты-екінші тілді оқыту жағдайында тілдік міндеттерді мақсатты түрде шешуге және  шығармашылық ойлауға қабілетті мамандарды дайындау.

Курстың жақсы ойластырылған бағдарламасы және педагогтардың тұрақты ынтымақтастығы білім беру үдерісіне қатысушыларға теориядан практикаға тез көшуге көмектесті, осының салдарынан оқытудың жаңа моделін меңгеріп, өз оқыту нәтижелерін көрнекі түрде көруге мүмкіндік алды. Тыңдаушылар өздерінің әдістемелік қоржынын педагогикалық тәсілдермен, белсенді оқыту түрлерімен, тілдік қолдау және критериалды бағалау тәсілдерімен толықтырғандықтан курс оларды өте ынталандырды. Тыңдаушылар қысқа мерзімді жоспарларды құрастыруды, тапсырмаларға өлшемдер мен дескрипторларды жасауды үйренді және алдағы уақытта жаңа жағдайларда жұмысқа тез бейімделуге мүмкіндік алды.

Курстық дайындық нәтижесінде тыңдаушы «сабақ беруші мұғалімі» позициясынан педагог-зерттеуші және экспериментатор позициясына сапалы түрде көшті, бұл қысқа мерзімді сабақ жоспарының таныстырылымы арқылы көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *