«Биология» және «Жаратылыстану» пәндері мұғалімдеріне арналған курс

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  ББЖ  ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сулейменова 15.04-26.04.2019ж. күндері Павлодар қаласында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері мұғалімдеріне арналған курс өткізді.

Ересектердің өз қалауы бойынша уәжділігі болғанда ғана өздерінің білімін жетілдіруді басқара алатындығы ескеріліп, тәжірибелік сабақ жасауға ұсыныстар берілді. «Ашытқы  саңырауқұлағының әр түрлі температурадағы  тіршілігін зерттеу» тақырыбындағы жұмыс тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырды.

Тәжірибелік жұмыстың  бақылау нәтижесін  мына формуламен (шардың көлемін өлшеу) шардың көлемі: V= 4/3πr3  есептеп,  график түрінде көрсетті. Кері байланыс парақтарында «оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізу үшін өте пайдалы» деп көрсетулері тәжірибелік жұмыстың өз мақсатына жеткендігінің көрінісі.

Курс кезінде Павлодар обл БАИ қызметкерлері Пиржанова Айғаным Зульпыхаровна (информатика пәнінің тренері) және Мигранова Әсемгүл (қазақ тілі пәні тренері) тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа қатысты.

Жылы лебіздері мен жақсы пікірлерін жазбаша түрде білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *