XXI ғасырдағы ересектерге білім беру: заманауи үрдістер

2019 жылдың 25 сәуірінде “Өрлеу “БАҰО” АҚФ білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтында “XXI ғасырдағы ересектерге білім беру: заманауи үрдістер”атты республикалық форум өтті.

Форумда “Өрлеу” БАҰО  АҚ Басқарма төрайымы, п.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Г.К.Ахметова құттықтау сөз сөйледі.

“Өрлеу” БАҰО  АҚФ ББЖҚ БАРИ  директоры, п.ғ. д., профессор Ж. А. Макатова Республикалық форумның спикерлерін таныстырды.

Пленарлық отырыста “Қосымша кәсіптік білім берудің ғылыми-зерттеу институты” АҚ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., Л.О. Андропова (Мәскеу қ.), Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық институтының ғылыми хатшысы, п.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Элебесова, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика  бөлімінің меңгерушісі ф.ғ.д., профессор А.А.Жаңабекова, Бельгия жоғары мектебінің профессоры, “Zerdesh” Зияткерлік мектебінің тең құрылтайшысы және директоры, жеке меншік білім беру ұйымдары республикалық Қауымдастығының төрағасы Р.Ш. Садыкова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қашықтықтан білім беру және біліктілікті арттыру  Орталығының директоры, п.ғ.к., доцент А.А.Семченко, “Қазақстандық сапа менеджменті академиясы” ҚҰ Президенті, ҚР МСТР сарапшы-аудиторы В.И. Соловьев,  Quality Austria жетекші аудиторы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰЗА академигі, И.Ильин атындағы Бүкілресейлік Сапа Ұйымы қоғамдық сыйлығының  лауреаты, п.ғ.д., профессор, ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі,  РҒА және басқаларының академигі Р.Б.Каримова  сөз сөйледі.

Секция отырысында “Біліктілікті арттыру шеңберінде қосымша білім беру педагогының кәсіби құзыреттілігін дамыту” (1-секция), “Инновациялық қызмет қосымша білім беру жүйесін дамытудың шарты ретінде” (2-секция), сондай-ақ ҚР қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.

Республикалық форум білім беру саласындағы көшбасшыларды біріктірді, жаңа форматтағы педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттырудың жаңа моделінің мәнін ашуға мүмкіндік берді, XXI ғасырдағы ересектерге білім берудегі заманауи сын-қатерлер мен трендтерді анықтады.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *