Жаңартылған білім беру курсы жайында

2019 жылдың 01-26 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ базасында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды. Курсқа Алматы қаласынан орта білім беру ұйымдарының 30 қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысуда.

Курстың мақсаты – пән бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында тыңдаушылар жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауды, тілдік білім мен дағдыларды дамытуды, сабақты ресурстармен қамтамасыз ету      бойынша білімдерін кеңейтіп, өзара талқылау, тәжірибе алмасу, практикалық тапсырмалар жасау арқылы тәжірибелерін жетілдірді.

Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға қолдау көрсетудегі педагогикалық тәсілдерді меңгеріп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын және соның негізінде әзірленген таныстырылымды қорғау арқылы рефлексия жасап, педагогикалық қоржынын толықтырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *