Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойыншапедагог кадрлардың біліктілігін арттыру

2019 жылдың 01-26 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Рысқұлбекова Павлодар қаласында Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын өткізді.

Курс барысында тыңдаушыларға қысқа мерзімді жоспар жасауда оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды, SMART форматында сабақ мақсаттарын саралауды, тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығына, оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдануды және оқушылардың қажеттіліктерін есепке ала отырып, саралау тәсілдерін енгізуге бағыт-бағдар берілді.

Курс соңында тыңдаушылардың сабақты жоспарлау бойынша таныстырылымдары тыңдалып, бағаланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *