Шағын жинақталған мектеп директорлары Алматыда бас қосты

2019 жылдың 15-26.04.2019ж. аралығында  Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ базасында «Білім беру мазмұнын реформалау жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін ұйымдастыру»                тақырыбында республиканың түкпір-түкпірінен келген  ШЖМ  директорлары үшін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы  өткізілуде.

Курстың  мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби құзыреттіліктері мен инновациялық тұрғыда мектепті басқару дағдыларын жетілдіру.

«Цифрлы Қазақстан», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», Қазақстанның даму бағдарламаларына негізделген курс тақырыптары  өзекті, логикалық байланыста  тәжірибеге бағытталған және жаңартылған білім беру мазмұны мәнін айқындады.

Курс барысында топ кураторы ББЖ ҚБАРИ  «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова К.З. іскерлік ұйымдастырушылық қабілеті арқылы мектеп басшыларын бір коллаборативті ортаға жұмылдыра отырып,  басқару ісінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер, техникалар және амалдар  арқылы сабақтарын түрлендіріп өткізуде. Тыңдаушыларға сабақ барысында  беріліп жатқан сындарлы кері байланыстар да басшылардың кәсіби өсуіне өз ықпалын тигізуде. Тәжірибе алаңына арналған курстың әрбір күнінен тыңдаушылар  жоғары көңіл күймен тарқасуда.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.