Мектепке дейінгі ұйымға көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастыру туралы

2019 жылдың 23 сәуір айында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беруді жағарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық іс-әрекетін басқару» курсы аясында Алматы қаласы, Аәуезов ауданы №58 балабақша базасында «Әріптестік пен ынтымақтастық негізінде ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-әрекет» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибелік сабақ барысында балабақша ұжымы инновациялық форматта ата-аналар жиналысын өткізу бойынша жұмыс тәжірибелерін көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ересектер тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары «Шебер қолдар» саятшылық өнерлерімен бөлісті.

Тәжірибелік сабақтың қорытындысында курс тыңдаушылары қарастырылған мәселелердің маңыздылығын атап өтті және ынтымақтастық негізінде ата-аналармен жұмыстың инновациялық формалары туралы пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *