МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМҒА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

2019 жылдың 23 сәуірінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Білім беру үдерісін психологиялық педагогикалық қолдау»  кафедрасының аға оқытушысы  К.К Турдахунованың жетекшілігімен «М.Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында  мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» атты курс аясында «Монтессори жүйесі бойынша пәндік дамытушылық ортаны құруда мектепке дейінгі ұйым басшыларының басқарушылық құзіреттілігі» тақырыбында  Алматы қаласындағы №46 бөбекжай базасында семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты: М.Монтессори жүйесі бойынша пәндік дамытушылық ортаны құру және педагогикалық үдерісті басқару  бойынша №46 бөбекжайдың іс-тәжірибесімен танысу.

Семинарға республиканың барлық өңірінен  24 мектепке дейінгі ұйым басшылары, Алматы қаласының Алмалы ауданының №19 бөбекжай меңгерушісі А.С Аламанова және №46 бөбекжайдың педагогикалық ұжымы қатысты.

Семинар барысында №46 бөбекжай  меңгерушісі Р.А.Касымбекова курс тындаушыларына «М.Монтессори жүйесі бойынша пәндік дамытушылық ортаны құруда мектепке дейінгі ұйым басшыларының басқарушылық құзіреттілігі» тақырыбында бөбекжай тәжірибесімен бөлісті. М.Монтессори жүйесіндегі оқу іс-әрекетінде ата-аналардың қатысуымен балалардың дидактикалық материалдармен жұмысы ұйымдастырылды.

Семинар барысында бөбекжай әдіскерлері мен психологтары «М.Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі балалардың өзіндік іс-әрекетін жоспарлаудың ерекшеліктері және педагогикалық диагностика» тақырыбында ой бөлісті. Семинарға қатысушылар М.Монтессори жүйесі бойынша пәндік дамытушы ортаны құрудағы туындаған сұрақтарын талқылап ортаға салды.

Семинар қорытындысында қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап, басқару тәжірибесінде қолдануды тиімді деп таныды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *