Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи сабақтарды жобалау технологиясы

     «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сулейменова Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи сабақтарды жобалау технологиясы» тақырыбында колледж ұжымына арналған біліктілік арттыру курсын өткізуде.

Курс барысында қазіргі сабақты жобалаудың заманауи тәсілдері Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес білім мазмұнын жаңарту туралы тұжырымдамалық идеяларды зерделеуден бастау алды.

Колледж оқытушылары спиралдық қағидат және  басқа пәндермен интеграциялануға бағытталған оқу жоспары негізінде заманауи сабақты қалай құрастырудың дағдыларын меңгеруде.

Әрбір теориялық материал тәжірибемен ұштастырылып, оқытушылардың қысқа мерзімді жоспарларынан көріс табуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *