ЯКУТИЯДАН КЕЛГЕН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЖАЙМЕН ТАНЫСУЫ

2019 жылдың 2 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының педагогикалық тарих мұражай бөлімінде Саха Республикасының (Якутия) сөйлеу қабілетінің бұзылулары бар балаларға арналған мектеп-интернаты «Создание безбарьерной среды для обучающихся с особыми потребностями (ООП) в образовательном пространстве школы» тақырыбы бойынша білімін жетілдіруге келген тыңдаушыларға экскурсия өткізілді.

Экскурсия мақсаты:  мұражайда қойылған XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі оқу-ағарту саласының тарихы, оның қалыптасуы мен өркендеп дамуын жан-жақты баяндайтын экспозициялармен таныстыру.

Курс тыңдаушылары Республикалық педагогикалық мұражайдың құрылуының үш кезеңі туралы ақпарат алып, басқа да тарихи құжаттар, фотосуреттер, алғашқы және кейінгі буын оқулықтары, білім саласындағы қолданылған оқу құралдарыменен таныстырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *