Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі ерекше тойланды

«Өрлеу » БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ ұжымы 29 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлады. Мейрамға Институт ұжымының барлық қызметкерлері белсене ат салысып, ұмыт бола бастаған дәстүрімізді қайта жаңғырта отырып өз өнерлерін көрсетті. Институт директоры, п.ғ.д., профессор Мақатова Жансауле Алиевна ізгі тілегін білдіріп, ұжымды игі істерге шақырды.

Ұлттық ғұрпымызды насихаттайтын мейрам адамдардың көрісуінен басталып, бата берілді, шашу шашылды. Мерекелік шарада ұлттық тағамдар әзірленіп, Наурыз жарапазан айтылып, «Ұйқыашар», «Селтеткізер», «Оқтау тартыспен» жалғасты. «Наурыз – жаңғыру айы, Наурыз –  жаңару айы!» ұранымен Институт ұжымы ақ ниет, зор ықыласпен  мерекені тойлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *