Институттың 1 тоқсанында жастар комитетінің өткізілген жұмысы бойынша талқылау

2019 жылдың 28 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ-да «Жастар жылы» аясында жастар комитетінің атқарылған жұмысы бойынша жиналыс өткізілді. Қазіргі таңда, кез-келген мемлекеттің болашағын айқындайтын дүниежүзілік қауымдастығы оның құндылықтарына аса мән береді. Оның маңызды аспектілерінің бірі ол – жастар саясаты. Мемлекеттік және саяси жағдайды қалыптастыратын жастар саясатының қоғамдағы рөлі өте жоғары екендігін көрсетеді. Институттың жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шараларын жастар комитеті бекітілген жоспардың барлық пунктілерін орындауда.

Экологиялық, физикалық тәрбие және салауатты өмір сүру салты, интеллектуалды мәдениетін дамыту және жас мамандардың біліктілігін кәсіби түрде арттыру іс-шаралары комитеттің жұмыс жоспары бойынша іске асырылуда. Жиналыс барысында 2019 жылдың 1 тоқсанында іске асқан жұмыс нәтижесі талқыланып, келесі пунктерді іске асыру бойынша сұрақтар шешілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *