«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында мұражайға саяхат

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мұражайлар мен кино өнерін жетілдіру бағыттары бойынша осы сала тарихының бір қырын білу мақсатында 2019 жылдың 14 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова А.К. ««География» және  «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» курсы аясында Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектеп базасында мұражайға саяхат ұйымдастырды.

Курс тыңдаушыларына мектеп және мұражай тарихымен, «Менің атым Қожа», «Алпамыс мектепке барады» және т.б. кинолардың режиссері Абдолла Қарсақбаевтың өмірі, еңбектерімен  танысуға мүмкіндік туды.

Мектеп директоры Гулнаш Толегеновна режиссердің еңбектері арқылы оқушылардың рухани әлемін көтерудегі атқарылып жатқан тәжірибесімен  алмасты, тыңдаушылармен мектепте өткізілен ашық тәрбие сабағының үзінділерін талқылады.

Бұл іс-шара тыңдаушыларға мектепте география пәні бойынша, сондай-ақ тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша да көкейінде жүрген сауалдарын талқылауда белсенді қатысуға мүмкіндік берді.  Курс кураторы ББЖ ҚБАРИ, ПжИББ кафедрасының аға оқытушысы А.К.Сабиханова табыс тілеп, алғыстарын жазып қалдырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *