Мектепті цифрландыру: проблемалары мен келешегі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты  Жолдауында  «…елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру қажет…» дей келіп, білім саласын цифрландыру білім беруді жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде белгіленген.

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы мақсатты орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында, 2019 жылдың 14 наурызында “Өрлеу “БАҰО” АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты “Мектепті цифрландыру: проблемалары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына республиканың білім беру ұйымдарының басшылары (мектепке дейінгі мекемелерден жоғары оқу орындарына дейін), Ұлттық ақпараттандыру орталығының өкілдері, ББЖ ҚБАРИ профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

ҚР ББЖ ҚБАРИ  директоры, п.ғ.д., профессор Ж. Макатова құттықтау сөзінде білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына «ҰАО» АҚ «Электронды оқулық жасау» департаментінің директоры, п.ғ.к., А.Ж.Арыстанова, «QSTEM education»  оқу орталығының директоры Н.М.Досболов, Алматы облысы Талғар ауданы №34 мектеп-гимназиясының директоры З.Марипова, Түркістан облысының шағын жинақталған мектептерінің директорлары С.Д.Ақбергенов, Н.П.Садырбеков, Жамбыл облысының шағын жинақталған мектебінің директоры М.Р.Өскенбаев, Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 252 мектеп-гимназиясының директоры          Г. Е. Жаңабаева, СҚО Аққайың ауданы №2 НМ директоры С. С. Мейрамова белсене қатысып, келелі ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *