ББЖ ҚБАРИ-да халықаралық әйелдер күні

2019 жылдың 7 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында ерлер ұжымының ұйымдастыруымен  ББЖ ҚБАРИ еңбек ардагерлері шақырылып, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Әйелдер тарапын қуантатын Институттың ер азаматтары, республиканың әр аймақтарынан келген білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлесе отырып, іс-шараның қызықты бағдарламасын әзірледі. Мереке барысында ББЖ ҚБАРИ директоры  Ж.А. Макатова құттықтау сөз сөйлеп, әйелдер ұжымын алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шараның соңында ер азаматтар әйелдер ұжымына әзірлеген сыйлықтарын сыйлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *