М.МОНТЕСОРИ ЖҮЙЕСІНДЕ ДАЙЫНДАЛҒАН ПӘНДІК-КЕҢІСТІКТІК ОРТА МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МОНТЕССОРИ-ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІ

2019 жылдың 07 наурызында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы «М.Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеясын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарының педагогикалық үдерісін басқару» біліктілікті арттыру курсы аясында мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына арналған «Педагог-монтессоридің жұмыс мазмұнына және дайындық-кеңістіктік ортасына даярлығы» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді.

Шеберлік-сыныптың мақсаты: Педагог-монтессоридің қызметін талқылау  және дайындық-кеңістіктік ортасының мазмұнын ұсыну.

Шеберлік-сыныбын өткізу барысында курстың тыңдаушылары практикалық өмір, сенсорлық, лингвистикалық, математикалық, кеңістіктегі және осы бағыттардағы кейбір дидактикалық оқу құралдарын ұсынды.

Шеберлік-сыныптың тәжірибелік бөлімінде педагог-монтессори жұмысының мазмұны және оның балалар белсенділігін ұйымдастырудағы рөлі анықталды. Қатысушыларға Монтессоридің дидактикалық материалына енгізілген қателерді бақылау функциясын көру өте қызықты болды.

Шеберлік-сынып нәтижесінде қатысушылар мектепке дейінгі тәрбиешіленушілерді жеке оқытуда М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің элементтерін қабылдап, ризалықтарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *