«Педагогтың кәсіби және тұлғалық даму негізі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру»

2019 жылдың 4 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында (ББЖ ҚБАРИ)  “Бірінші болу батылдық” корпоративтік қорымен бірлесе «Педагогтың кәсіби және тұлғалық даму негізі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру»  тақырыбында курс тындаушылары мен Институт қызметкерлеріне педагогтарды және басқа да білім беру ұйымдары жұмысшыларын қоғамдық спорттық іс-шараларға қатыстыру мақсатында семинар өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаттары:

– 2019 жылы Алматы қ. «Алматы Марафон» аясында спорттық іс-шаралар туралы ақпараттандыру;

– салауатты өмір салтын қалыптастыруда өз үлесін қосу бойынша азаматтардың белсенді жайғасымын тудыру;

– сайыс бойынша оның ерекшеліктерін көрсету мен ақпараттандыру (жабдықтары, жаттығулары, денсаулық ахуалын қадағалау жұмыстары)

Семинарды «Алматы – Марафон» ұйымдастырушысы, Нью-Йорктегі 2018 жылы марафон қатысушысы – Артем Якупов өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.