«Педагогикалық ізденіс кәсіби дамудың негізі»

2019 жылдың 27 ақпанында  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ)  «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Педагогикалық ізденіс кәсіби дамудың негізі»  тақырыбында курс тындаушыларына әдістемелік көмек көрсету, шығармашыл және ұтымды идеяларды қолдау мақсатында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар жұмысына әр аймақтың мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамы және институт ұжымы қатысты.

Курсаралық іс-шараны «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Макатова  Жансауле Алиевна  кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Республиканың әр аймағынан келген әдістемелік семинарға қатысушы басшы мамандар  кәсіби шеберлікті  дамытудың стратегиялық бағыттары мен болашағын анықтау барысындағы өз тәжірибелерін,  өзекті идеяларын ортаға салып, бөлісті.

Семинар соңында іс-шара барысында алған әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.