Жаңартылған білім беру мазмұнының концептуалды идеялары

2019 жылдың  6-8 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ сертификатталған тренерлері «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚФ «Арыстан» мамандандырылған лицейінің» басшылары мен педагогтарына  «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи сабақтарды жобалау технологиясы» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Оқытуда төмендегі пәндер бойынша біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, биология, химия, тарих, география және т.б.

Семинарда критериалды бағалау жүйесін енгізу және орта білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде пән мұғалімдерін оқыту үшін негіз болып табылатын педагогикалық тәсілдер көрсетілді.
Семинардың форматы топтарда да, пәндер бойынша жеке сабақтарда да тыңдаушылармен белсенді қарым-қатынас орнатуға, олардың арасында талқыланған тақырыптың мазмұнын дұрыс түсінуге және оны практикалық қолдану жолдарына бағытталып, жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *