ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ – МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

2019 жылдың 09 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Дорожкина «әдістемелік десант» аясында Алматы қаласындағы №114 орта мектебінің базасында педагогтерге арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда және зорлық-зомбылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы білім беру ұйымдарының рөлі. Ата-аналармен жұмыс» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке 1-11 сыныптарының жетекшілері, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, мектептің медбикесі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар мектеп оқушыларының денсаулығына тікелей әсер ететін факторларды анықтады. Оқушылар және ата-аналар салауатты өмір салты және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша ғылыми негізделген ақпараттар  және қажетті білімдерді меңгермегендігіне, ең бастысы, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қалыптаспағандығына ерекше назар аударылды. Педагогтер оқушылардың және ата-аналардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жұмысының негізгі бағыттарын, тиімді нысандары мен әдістерін анықтады.

Қазіргі кезде кең таралып жатқан мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы, сондай-ақ девиантты мінез-құлқының бір түрі ретінде балалар мен жасөспірімдердің арасында суицидті әрекеттері туралы елеулі әңгіме болды. Педагогтер өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, заманауи салауатты өмір салтын сақтау және білім беру технологияларын меңгеру керек екенін мойындады.

Тренинг қатысушыларға оқушылар арасында жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға және ата-аналарға отбасылық тәрбие беруде практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік берді. Кері байланыс барысында педагогтер семинардан терең қанағаттану сезімдерін білдірді және тәрбие саласындағы бүгінгі барынша өзекті мәселелерді атап көрсетіп, келесі семинарларда қарастыруды ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *