Сабақты тиімді жоспарлау-жоғары нәтижеге жетудің кепілі

2019 жылдың 4 ақпаны күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық амалдары негізінде сабақты тиімді жоспарлау»  тақырыбында Жамбыл ауданы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнының тұжырымдамалық амалдары негізінде қысқа мерзімді жоспарлауды үйрету мақсатында қолдау көрсету. Оқу-әдістемелік семинар жұмысына аудандық білім басқармасының әдіскерлері Аденова С.С., Кожахметова А.Д., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдер қатысты.

Жамбыл ауданнық білім бөлімінің әдіскері Қожахметова А.Д. іс-шараны ашып,  жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне орай  өткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Кафедра оқытушылары (Тайтанова Н.К., Сахова А.Т.) жаңартылған білім беру аясында ОМЖ, ҚМЖ әзірлеуде бағыт беріп, SMAPT мақсат пен SWOT талдау, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша шығармашылық топтарда тәжірибелік жұмыстар өткізді.

Іс-шара барысында тыңдаушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *