Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері

01.02.2019 жылы Алматы қаласы №69 жалпы білім беру мектебінде «Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері» тақырыбында семинар өткізіліп, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ аға оқытушысы А.И.Құсаинова қатысты. Жалпы саны 35 адамды құраған семинарға Бостандық ауданының жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары, №69 мектеп қызметкерлері қатысты.

Инклюзивті тәжірибе нормативті-құқықтық  қолдауды негізге алады. Дәл осы аспектіні А.И.Құсаинова өз сөзінде ашты. Мектеп тәжірибесіндегі көптеген сұрақтарға толық жауап берді.

Сондай-ақ, әрбір мектеп инклюзивті тәжірибеде кездестіріп жататын өзекті мәселелер:  мектептегі жергілікті актілерді әзірлеу, ата-аналармен қарым-қатынас, мектеп жағдайында ПМПК ұсыныстарын орындау, білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің келісілген қызметтері, мектеп қарым-қатынасы және әлеуметтік серіктестік және т.б. қарастырылды.

«Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы достық атмосферада талқыланды.  Педагог мәртебесін көтеру, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша мемлекет пен Білім және ғылым министрлігі жүргізіп жатқан саясат пен іс-шараларды педагогтер қолдады.

Семинарға қатысушылар іс-шараның тәжірибелік маңызын, қарастырылған мәселелердің мазмұндылығын, жайлы атмосфераны атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *