Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы ерекше әдістер

21.01.2019-01.02.2019 аралығында  «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің оқытушыларына «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі заманғы сабақты жобалау технологиясы» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Курс барысында «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмалары үшін дескрипторларды құру» тақырыбындағы тәжірибелік сабақта оқытушылар критериалды бағалау, оның түрлері, сабақта қолдануы жайлы мол ақпарат алып, қызығушылық танытты. Критериалды бағалаудың қызметтерін талдап, оның оқушы бойына қалыптастыратын қасиеттерін жіктеп, тәжірибе барысында нәтижелі қолданыста екені сөзге тиек болды.

Ал колледж қабырғасында оқып жатқан білім алушыларға критериалды бағалау түрлерін колледж жүйесіне сәйкес тиімді икемдеп оқыту жоспарға қойылды. Тәжірибелі сабақта тыңдаушылар әр тапсырмаға қызығушылық танытып, белсене араласып, сұрақ-жауаппен пікір алмасып, өзіндік ойларын көрсете білді. Тәжірибелі сабақ  өзінің оң нәтижесін берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *