Балалардың денсаулығы мен психологиялық жағдайын қамтамасыз ету – мектептің басты міндеті

2019 жылдың 02 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының  аға оқытушысы   Л.А. Дорожкина «әдістемелік десант» аясында Алматы қаласы №129 орта мектебінің базасында педагогтерге арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда және зорлық-зомбылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы білім беру ұйымдарының рөлі. Ата-аналармен жұмыс» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке педагог-психолог, 8-10 сыныптарының жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты.

Семинарға қатысушылар пікірталас барысында мектептерде салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың арасында зорлық-зомбылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу үшін жұмыстарды күшейту мәселелерін белсенді түрде талқылады. Талқылау барысында педагогтер бұл бағыттардағы алдын-алу жұмыстары «Білім туралы» Заңда мектепке қойылған негізгі міндеттердің бірі екендігі туралы ортақ пікірге келді. Бұл міндет барлық педагогикалық ұжым тарапынан кешенді түрде: мектепте оқыған пәндердің және сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстарының көмегімен шешілуі қажет. Бұл жұмыста маңызды және жауапты рөлді мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіне аудару керек. Педагогикалық қызметкерлердің оқушылардың ата-аналарымен, түрлі мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнату қажеттілігіне де ерекше назар аударылады.

Семинар-тренинг барысында педагогтер алдын алу жұмыстар бойынша қажетті ғылыми негізделген ақпараттар мен білімдерге, сондай-ақ жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты дамыту үшін оқушылармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, қатысушыларға ата-аналармен жұмыс жасаудың заманауи формалары мен әдістерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.