ЖАСТАР – ҰЛТТЫҢ БАСТЫ КАПИТАЛЫ

                                     Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
                                          Мен жастарға сенемiн!
                                     Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
                                          Мен жастарға сенемiн!

М.Жұмабаев.

2019 жылы 31 қаңтар күні Алматы технологиялық университеті «JasStar» жобасы аясында «Жастар жылына» арналған қалалық «Жастар – ұлттың басты капиталы» атты мотивациялық форум өтті. Форумға: Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.С.Бекжанова, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ш. Бескемпіров, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ АҚФ төрағасы – Д.Қасымов, Бизнес-тренер – А.Нұрсила, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кардиохирург – Б.Рақышев, «Жастар Үні» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі – Д.Бабамұратов, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы, параолимпиадашы – С.Есматов және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Ф.С.Нарсеитова қатысты. «Алматы» телеарнасынан жаңалықтардан көрсетті.

Шараға Алматыдағы 38 жоғары оқу орындары Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалары мен олардың белсенді студенттері, Жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Форум аясында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесуден алған әсерлері мен болашақ жобалары бөлісті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *