Латын әліпбиі жаhандану заманында өркениетке біртабан жақындау

2019 жылдың 29 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мектеп» баспасы ұжымымен «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы  ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпан №637 Қаулысына сәйкес «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • Емле ережесі: проблемалары, шешу жолдары.
  • Терминография. Терминдерді жаңа латын қарпі негізінде орфограммалау жолдары.
  • Ономастикалық атауларды жаңа әліпбимен жазу ережелері.
  • Қазақ тілінің жаңа әліпби негізіндегі пунктуациялық ережелері (дефиспен, бөлек, бірге жазылатын сөздер).
  • Стилистика, тіл мәдениеті, тіл экологиясының өзекті мәселелері.

Аталған іс-шараға «Мектеп» баспасының басшылары мен редакторлары қатысып, ойларымен бөлісті. Ісшараның мақсатын, латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігі және қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлерге қатысты өздерінің оң көзқарасын білдіріп өтті. Семинарға қатысушылар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты.

Тілдік ұғым-түсінік тудырған ой-пікірдің бәрі бүгінде жазуға түсірілетін болғандықтан әліпби мәселесі қай кезде де маңызды. Дұрыс оқу мен дұрыс жазуды сауаттылық дейтін болсақ, оның бәрі әліпбидің оңтайлылығына байланысты. Әліпбидің қолдануға өте ыңғайлы болуы – оның басты жетістігі. Яғни латын әліпбиі жаhандану заманында өркениетке біртабан жақындау, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруына, ғылым мен білімнің даму үрдісінен көш соңында қалып қоймауына әсер етіп қана қоймай, қазақ тілінің  басқа тілдермен иық тіресіп, халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Латын әліпбиіне көшу–уақыт талабы, заман талабы, бәсекеге қабілеттіліктің алғышарты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *