Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің (ҚазҰУ) ашылғанына 85 жыл

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған оқу ордасы.  Атаулы күнге орай, 2019 жылы 15қаңтарда «Өрлеу» БАҰО   АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институның мұражай бөлімі көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: білім ордасының өткені мен қазіргі кезеңде жеткен жетістіктерін таныстыру.

Көрмеге университет тарихынан сыр шертетін фотоқұжаттар, деректермен бірге университеттің алғашқы ректорлары,ғылыми жетістіктері туралы мәліметтер қойылды.Атап айтқанда: 1933 жылдың 20 қазанындағы СССР ХКК № 2293 «Қазақстанға мамандар дайындау және ҚазМУ ашылуы туралы» Қаулысы,С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың ең алғашқы ғимараты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚазҰУ студенттеріне дәрісі, т.б.

Қазіргі таңда әлемдік топ-университеттер қатарында белгілі дәрежеде алға жылжып,халықаралық деңгейде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеген ұлттық жоғарғы оқу орнының алдында жаңа міндеттер мен талаптар тұр.

Ал біз ірі білім ордасын Мерейтойымен құттықтай отырып, мол табыстар тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *