«Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы форумда тәжірибе бөлісу

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 желтоқсанында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық директорлар Форумы өткізілді. Форумның пленарлық жиынын өзінің алғы сөзімен Алматы облысы білім басқармасы басшысы Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов ашты. Форумға 290-нан аса қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, республикалық, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей, гимназия, жекеменшік мектеп директорлары мен жалпы орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.


Форумның екінші кезеңінде 6 тәжірибе алаңдарында секция жұмыстары өткізіліп, шебер-кластар жүргізілді.
Форумда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д. Мухамбетжанова С.Т. «Білім беру мен оқытудағы өзгерістер – инновациялық қызметтің негізі» алаңында «Цифрландыру дәуіріндегі білім берудің заманауи тенденциялары» тақырыбында таныстырылым жасап және осы кафедраның аға оқытушысы Жаксылыкова К.З. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының басты құндылықтарына негізделген оқыту мен тәрбие үдерісі» алаңында «Табысты директор – табысты мектеп» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетіп, өз тәжірибелерін ортаға салды.


Табысты мектеп жолында сапалы білімге қол жеткізудің мүмкіндіктері жайлы ауқымды мәселелер талқыланған Форум жұмысын білім басқармасы басшысы қорытындылады. Өз тәжірибелерімен бөліскен қонақтарға Алғыс хаттары табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *