«Тəуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

14 желтоқсан 2018 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»  атты мерекелік іс-шара өткізді. 

Мерекелік шара  директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  А.Д. Танатованың құттықтау сөзімен ашылды. Ол Тәуелсіздік – Қазақстан Республикасы азаматтарының еркіндігі, күші, әл-ауқаты мен руханияты екенін, сондай-ақ Тәуелсіздіктің әрбір жылында біз жетілген, сенімді және күшті мемлекет болатындығымызды атап өтті.

Тәуелсіздік күні – еліміздің тағдыры үшін жауапкершілікпен біріккен және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін басты мереке.

Шара аясында институт қызметкерлері Әнұран орындап,  «Тәуелсіздік тұғырым» атты бейне роликті тамашалады.  Сондай-ақ   мерекелік іс-шараға өздерінің құттықтау лебіздерімен және өнерлерін алып келген  Тұран университетінің доценті Төлегенов Талғат Құрмашұлы мырза мен «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің «Ерке-Наз» би ансамблі мен әншісі Маратқызы Ардақ өз өнерлерін паш етті.  Іс-шара соңында  қонақтарымыз институтымыздың кітапхана бөлім қызметкерлері дайындаған «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын» кітап көрмесін көрді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *