«Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру» атты семинарға қатысу

2018 жылдың 12 желтоқсанында «Парасат» Қазақстандық салалық кәсіподағы Алматы қ. бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қатысуымен Алматы қ. Бойынша «Нұр-Отан» партиясының филиалымен бірлесе «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Түрлі білім ұйымдары өкілдері жемқорлық сыбайластың пайда болу себептері мен түрлері талқыланды. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен жұмыстар бойынша баяндама тыңдалды.  Алматы қ. бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сөзіне сүйенсек жеммқорлыққа қарсы кешенді тәсілдер өңделді, жемқорлықпен күресу туралы заңдар қабылданып, тікелей жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Нарсеитова Ф.С. және жоғары білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімі бастығының міндеттерін атқарушы Егеубаев Х.Ғ. бұл іс-шарада белсенді қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *