1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» тақырыбында мерекелік жиын өткізді

30 қараша 2018 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» тақырыбында мерекелік жиын өткізді.

Іс-шара Мемлекет басшысының еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының жақсаруына және Отанымыздың даму жолында жасалып жатқан жобалары мен салмақты идеяларының аясында өтті.

Сонымен қатар, институт қызметкерлері ҚР Тәуілсіздік күніне арналған «Евразия» телеканалының «Әнұран шырқаңыз» Мемлекеттік Гимнді бүкілхалық болып орындау үндеуіне (Challenge) атсалысып, өз үлестерін қосты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *