Дөңгелек үстел «Ұлы даланың жеті қыры»: өткен тәжірибе, болашаққа бағдар»

2018 жылдың 22 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы  білім беру жүйесінің басшы жəне ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры»: өткен тәжірибе, болашаққа бағдар» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Шараны Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының Төрағасы, п.ғ.д., профессор Г.К.Ахметова алғы сөзімен ашты. Ол дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын заманауи Қазақстан мен түркітілдес мемлекеттер және байырғы ұлы дала хандықтары арасындағы ажырамас ішкі байланысқа аудара отырып, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи сана-сезімді жаңғырту идеясын негіздеген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – тарих тағылымындағы ұлт тарихын зерделеудің маңызды беті болып қалатындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Ж.А.Мақатова  өз сөзінде: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы – бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы және жастарға арналған ұлттық бағдарламалардың  жаңа бөлімі. Тарихты қайта қарау, халықтың өткенін тұтас қабылдау арқылы қазақстандықтардың, ең алдымен, өмірдің барлық салаларына белсенді қатысуға және қоғамның дамуына, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді талап ететін жастар арасында жаңа бейнесін қалыптастырады.

Бұл үдерістің негізгі факторы білім беруді жетілдіру … Бұл міндеттерді шешу үшін тек соңғы ғылыми-педагогикалық әзірлемелер туралы деректерге ғана емес, сонымен қатар бұрынғы бай тарихи тәжірибеге, оның бүгінгі жағдайдағы  қажеттілігі мен пайдасына сүйену керек.

Қазақтың Ж Аймауытов, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, С.Сейфуллин, Х.Досмұхамбетов сынды ұлы тұлғалары мен  ағартушылары жастарға  білім беру және азаматтық тәрбие беру саласына зор үлестерін қосқан. Олар қазақ халқының мәдени-тарихи және этно-педагогикалық мұралары мен дәстүрлеріне, білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны, олардың тілі – әдебиет, тарих, ерлік-патриоттық, еңбек және рухани тәрбиенің негізіне негізделгенін ортақ ұстанды.

Осыған орай, Елбасы  айтқандай, біз өзіміздің тарихымызды оның барлық әмбебаптығы мен көп өлшемділігімен түсініп, қабылдауымыз керек. Дөңгелек үстелге Қырғыз Республикасы Білім беру және ғылым министрлігі жанындағы Республикалық педагогикалық қызметкерлердің квалификациясын жоғарылату және қайта даярлау институтының директоры, п.ғ.д.  Н.К.Дюшеева ,Азия даму банкі жобасының бағдарламалық менеджері Р.Х. Шакиров, Жалал-Абад аймақтық әдістемелік орталығының басшысы А.А.Токтосунов, «Twinning» жобасының аймақтық кеңесшісі Н.И. Бахмутова және «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ оқытушылары қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *