«Педагог мәртебесі: бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы он-лайн педагогикалық кеңесі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының «Менеджмент және ақпараттық технология» кафедрасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру аясында педагогтың мәртебесін арттыру жолдарын айқындау мақсатында «Педагог мәртебесі: бүгіні мен келешегі» тақырыбында он-лайн педагогикалық кеңесті Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияда өткізді. Он-лайн педагогикалық кеңеске Астана, Алматы, Шымкент қалалары, БҚО, Түркістан, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан 100-ден астам білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтар қауымы қатысты.

Он лайн педагогикалық кеңесте  «Өрлеу»БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д.,  доцент Мұхамбетжанова Сауле Талапеденқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ тарих ғылымдарының PhD докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы, Алматы қаласы №123 мектеп-гимназияның директоры Ашимбаева Бағила Мәсімханқызы «Жаһандық өзгеріске ықпал етуші педагогтың мәртебесі» тақырыбында баяндама жасап, 123 мектеп-гимназияның бастауымен «Мұғалімнің бір күні» бейнефильмі ұсынды.

Сонымен бірге биыл алғаш рет ашылып отырған ІТ-мектеп бойынша Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, ІТ-лицей директорының орынбасары Жартанова Ақмарал Қайроллақызы «Білім сапасын арттырудағы педагогтың кәсіби шеберлігінің мәні» және  Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дина Нүрпейсова атында орта мектебінің директоры  Бекжанов Бауыржан «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығын кәсіби құзырлылығымен ұштастыру» тақырыптары бойынша  пікір алмасуға қатысты.

Он-лайн педагогикалық кеңес қорытындыланып, кеңестің шешімін қабылданды:  Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы білім саласының негізгі бағыттарын жүзеге асыру тетіктері бекітілсін. Педагогтардың мәртебесін арттыру индикаторларына жүргізілген SWOT-талдауға сәйкес SMART-жоспар жасалынсын. Педагог мәртебесін арттыру мақсатында республикадағы білім беру ұйымдары басшыларының желілік кәсіби қоғамдастығы құрылсын. Тоқсанға бір рет педагогтың мәртебесін арттыру үшін тәжірибе алмасу барысында  республикадағы білім беру ұйымдары басшыларының онлайн шаралары ұйымдастырылсын.

Сонымен, онлайн педагогикалық кеңеске қатысушы білім беру ұйымдарының басшылары ұйымдастырып отырған «Өрлеу БАҰО» АҚФ Республикалық институт ұжымына, Алматы қаласы, № 123 мектеп-гимназияның басшылығы мен педагогтар қауымына алғысын білдіре отырып, ақпараттық білім кеңістігінде бірлесе тәжірибе алмасуды жалғастыру қажеттілігін ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *