Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық жұмыстарын басқару

2018 жылдың 24 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының Жедел жоспарын орындау аясында «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған «Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық жұмыстарын басқару» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың инновациялық қызметін басқару мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу.

Іс шараға «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, республиканың мектепке дейінгі ұйым басшылары  және Алматы қаласының базалық білім беру ұйымдары қатысты, қатысушылардың жалпы саны 40 адамнан асты.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор

 Ж.Ә. Мақатова семинарды ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Семинар барысында Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарының инновациялық қызметін басқару мәселелері талқыланды, мектепке дейінгі білім беру мен оқыту және басқару әдістерінің мазмұны бойынша енгізілген білім берудің инновацияларымен таныстырылды.

Ерекше жауаптарды Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйым басшыларының «Мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез құлық дағдыларын қалыптастыруды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасындағы білім беру салаларына интеграциялау»        (Бельгибаева Г. А., №57 бөбекжай  меңгерушісі), «Мектепке дейінгі ұйымның басқару қызметінде  АКТ-технологиясын  пайдалану» (Батқалова Ж.Ш., №74 бөбекжай меңгерушісі), «Үлгілік  оқу бағдарламасы  міндеттерін жүзеге  асыруда инновациялық технологияларды  қолдану»(Амирова Г. Х., БҚО, Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжай меңгерушісі) тақырыбындағы баяндамалардан көрінді.

Семинар қатысушыларына мектепке дейінгі білім беру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және Алматы қаласы №51 бөбекжайының дидактикалық материалдарының (асық  терапиясы)  көрмесі ұйымдастырылды.   Семинар республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының инновациялық қызметінің негізгі аспектілерін талқылау үшін кең сындарлы диалог алаңы болды. Семинарға қатысушылар семинардың инновацияларын енгізу мақсатында жүргізілген практикалық іс-шараларды кеңінен жариялау үшін білім беру ортасы ретінде маңыздылығын атап өтті.

Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *