ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

2018 жылғы 31 қазанда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты жалпы білім беретін мектеп директорларына арналған біліктілік арттыру курсы аясында «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Шараның мақсаты білім беру ұйымдары басшыларының жаңартылған білім беру мазмұны мәселелеріндегі кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе тұрғысынан пікіралмасу алаңын құру.
Шараға республиканың өңірлерінен төмендегідей білім беру ұйымдары онлайн режимінде қосылуға мүмкіндік алды: Ақтөбе қаласы №36 ОМ, Атырау облысы Жаңашаруа ОМ, Ақмола облысы Шортанды ауданы Төңкеріс ОМ, Павлодар облысы Екібастұз қаласы №18 ЖБОМ, ШҚО Өскемен қаласы №45 ОМ, ШҚО Жарма ауданының мектеп гимназиясы, ШҚО Семей қаласы №49 ОМ, Алматы қаласының №59, №62, №122, №141, №86, №160 орта мектептері.


Дөңгелек үстелде ҚР ББЖҚБАРИ жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер (Сулейменова Г.А., Қағазов Б.А., Насырова Г. У., Сабиханова А.К., Аюпова Н.А.) және мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер (Атырау қаласы М.Өтемісов атындағы ОМ тәрбие ісінің орынбасары Каршигенова Г.У., Атырау қаласы, Мақаш Бекмұхамбетов ат.ОМ ұстаздары Сундетова Ж.Х., Умбетиярова Б., Алматы қаласының №160 ОМ бастауыш сынып мұғалімдері Маракаева Н.И., Пачикина Л.А., Алматы қаласы №86 мектеп-гимназия математика пәні мұғалімі Бейсембаева Б.А., Астана қаласы №76 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Калипанов Б.Т., Астана қаласы №119 ОМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалибек Н., Астана қаласы №80 мектеп-гимназия директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аманова Т.С., Мусатаева Н.Ш.) тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеяларын оқу үдерісіне енгізу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *