Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін басқару

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ жоспарына сәйкес 2018 жылдың 01-12 қазаны аралығында Жамбыл облысының, Жаңатас қаласында «Білім беру  мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған  мектептің білім беру процесін басқару» тақырыбында шағын жинақты мектеп директорларына арналған біліктілік арттырудың көшпелі  курсын «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сулейменова өткізуде.

 

Курс бағдарламасы шағын жинақты мектеп (бұдан ары қарай ШЖМ) басшыларына түйінді құзыреттерді қалыптастыруға бағдарланған, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес ШЖМ білім беру процесін ұйымдастыру, ұжымды сапалы басқару, ШЖМ басқару принциптері бойынша қажетті көлемде білім беруге және басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын жетілдіруге көмектесу мақсатында құрастырылған.

 

Шағын жинақты мектеп біріктірілген сынып-комплектілерімен, аз тығыздықтағы сыныптардан құралып отыр. Статистикалық есептеулер еліміздегі әрбір оқушының алтыншысы ШЖМ оқып білім алса, әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жұмыс жасайтынын көрсетеді. Олардың барлығына тән нәрсе елді мекен тұрғындарының төмен және өте төмен тығыздығы, біріктірілген сыныптар, мұғалім жүктемесіндегі көппәнділік. Осындай мектептердің бірі ретінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылы Ж. Отарбаев атындағы негізгі мектебінде өткізілген тәжірибелік сабақтардың тыңдаушылар үшін берері мол болды.

 

Курс тыңдаушылары мен «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы  Сүлейменова Гүлнәр Абдоллақызы көшпелі –тәжірибелік сабақтың сапалы өтуін қамтамасыз еткен Өндіріс ауылы, Ж. Отарбаев атындағы негізгі мектеп директоры Идирисова  Дариға Түймебайқызына және мектеп ұжымына алғыстарын, жылы лебіз бен ырзашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *