Мұражай

Білім тарихы мұражайы 1984 жылдың 30-шы наурызында құрылған.  Мұражай келушілеріне республикадағы білім беру саласының даму тарихын құнды жәдігерлер арқылы  көру мүмкіндіктері бар. Мұражай экспозициясы екі мыңнан астам жәдігерлерден тұрады. Бұл жәдігерлер Қазақстан білім беру жүйесінің  құрылуы мен өркендеп даму тарихынан сыр шертеді. Мұражай  қорында үнемі толықтырылып тұратын 6 мыңнан астам мұрағаттар мен жәдігерлер, сондай-ақ түрлі фотоқұжаттар сақталып келеді.

Білім жетілдіру курсының  тыңдаушыларына, республикалық конференциялардың, семинарлардың қатысушыларына және Алматы қаласының оқушылары мен студенттеріне экскурсиялар өткізіледі.

     Мұражайдың негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы тарихының бөлінбейтін бөлімі  ретінде білім беру тарихының негізгі материалдары мен құжаттарын зерттеп, жинақтап,сақтау.
  • әр түрлі буын ұстаздарының педагогикалық білімдерін, тәжірибелерін, мәдениетін  насихаттау, түсіндіріп тарату.
  • жасұрпақты отансүйгіштікке және тарихи-мәдени ескерткіштердің құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу.

Білім тарихы мұражайы  Қазақстандағы білім беру ұйымдары мұражайларымен қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасады.

Қызметкер:

Сембаева Нұргүл Тлеубердиновна – мұражай бөлімінің бас маманы


Қазан төңкерілісіне дейін



Кеңес дәуірі тұсындағы



Егеменді Қазақстанның білім саласы



Егеменді Қазақстан