Жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасындағы инновацияларды енгізу және курстан кейінгі қолдау лабораториясының зертханашысы

ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институты

Жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасындағы инновацияларды енгізу және курстан кейінгі қолдау лабораториясының зертханашысы орнына

бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бірлік).

Біліктілік талаптары

  • Кафедраның зертханашысы тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды, компьютерлік техникада (факс, принтер, ксерокс, сканер) жұмыс істеу дағдылары бар, Microsoft Office (Word, Excel) бағдарламаларын білуі тиіс.
  • Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын, мамандануға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды. Дербес компьютерде жұмыс істеу және ақпаратты өңдеу дағдыларын меңгеру.

Лауазымдық міндеттері

  • Номенклатураға сәйкес Шығыс және кіріс құжаттарын тіркеу және кафедраның іс қағаздарын жүргізу.Институт сайтын Контент-сүйемелдеу.
  • Кафедра құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
  • Кафедра мәжілістерін өткізу мерзімі және басшылықтан алынған шұғыл тапсырмалар туралы оқытушыларға уақытылы хабарлау.
  • Курс тыңдаушыларының мәліметтер базасын және біліктілікті арттыру курстары бойынша құжаттарды дайындау.
  • Толық оқу курсын бітірген тыңдаушыларға сертификаттарды сапалы ресімдеуге толық жауапты болу.
  • Ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын, корпоративтік этиканы сақтау.
  • Кафедра меңгерушісі мен Филиал басшылығының уақытында және сапалы тапсырмаларын орындау.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер бойынша басқарманың кадрлық мәселелері бойынша бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканирленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреттегі түйіндеме (сілтеме);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (сілтеме);
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • мекенжай анықтамасы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы  құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2019 жылғы 23 қыркүйек, сағат 10-00, 205 каб.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2019 жылғы 22 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к.,61а,  308 каб. немесе:
ripkso@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 /727/ 267-44-21 қабылдау бөлмесі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.