Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру кафедрасының курстан кейінгі қолдау және иновацияны енгізу зертханасының PR, SMM-маманы

ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық Институты

Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру кафедрасының курстан кейінгі қолдау және иновацияны енгізу зертханасына PR, SMM-маманы орнына  бос лауазымына орналасу үшін

конкурс жариялайды (1 бірлік).

Біліктілік талаптары

  • Жоғары білім.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
  • Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын, мамандануға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды. Дербес компьютерде жұмыс істеу және ақпаратты өңдеу дағдыларын меңгеру.

Лауазымдық міндеттері

  • Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының посткурстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM-маманы:
  • Институт сайтын Контент-сүйемелдеу.
  • Сайтты жаңғырту: жеке модульдерді әзірлеу және негізгі модульдерді пысықтау
  • Бөлім профилі шеңберінде бөлім бастығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер бойынша басқарманың кадрлық мәселелері бойынша бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканирленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреттегі түйіндеме (сілтеме);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (сілтеме);
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • мекенжай анықтамасы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы  құжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған  жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2019 жылғы 21 тамыз, 10-00 сағат, 205 каб.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2019 жылғы 20 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Амангелді к.,61а,  308 каб. немесе:
ripkso@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 /727/ 267-44-21 қабылдау бөлмесі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.